RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

Ең төменгі жалақыны көтеру мәселесі қазанда қаралады

17.09.2026, 15:15 49

Қазақстанда ең төменгі жалақыны көтеру мәселесі қазан айында қаралады. Бұл туралы Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин Құрылтайдағы брифингте айтты, деп хабарлайды «24KZ».

Қазір ең төменгі жалақы көлемі 85 мың теңге. Бұған дейін оны 150 мың теңгеге дейін көтеру мүмкіндігі айтылған еді.

Есептеулер бар. Бұл мәселені Құрылтайда талқылаймыз. Қандай шешім қабылданғанын айтамыз, – деді Азамат Әмрин.

Құрылтай депутаты Татьяна Савельеваның айтуынша, «2027–2029 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасының бірінші оқылымы 14 қазанға жоспарланған.

Бірінші оқылымға дейін бюджеттің кірісі, шығысы және негізгі параметрлері қаралады. Ал 14 қазаннан кейін депутаттар ең төменгі жалақыға қатысты ұсыныстарды талқылайды.

Ең төменгі жалақыны арттыруға қатысты нақты шешім осы талқылаулардан кейін белгілі болады.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz