Мемлекеттік бюджеттегі әр шығынның артында нақты есеп пен нәтиже тұруы тиіс. Бүгін Құрылтайда 2027-2029 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасы талқыланды.
Жиында бюджет кірістерінің негізділігі, шығыстардың тиімділігі, мемлекеттік қарыз бен Ұлттық қор қаражатын пайдалану мәселелері қаралды. Ұсынылған жобаға сәйкес, 2027 жылы мемлекеттік бюджет кірістері 19 трлн 900 млрд теңге болады деп болжанып отыр. Ал шығыстар көлемі 30 трлн теңгеден асады. Алдағы үш жыл фискалдық саясатты қатаңдату кезеңі ретінде қарастырылып отыр. Осы уақыт аралығында бюджет тапшылығын біртіндеп қысқартып, мұнай қорларына тәуелділікті азайту көзделген. Бюджет тапшылығының бір бөлігі Ұлттық қордан берілетін трансферттер есебінен жабылады.
Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмриннің айтуынша, 2027 жылы трансферт көлемі 2 триллион теңгені құрайды. Ал кейінгі екі жылда бұл көрсеткіш жылына 1,5 триллион теңгеге дейін төмендетіледі. Қаражат әлеуметтік маңызы бар жобалар мен ел үшін аса қажетті инфрақұрылым нысандарын қаржыландыруға бағытталады.
Тегтер #бюджет #құрылтай #жоба #шығын #есеп #кіріс #шығысPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz