«Әулие-Ата» халықаралық әуежайы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды «24KZ».
ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті «Әулие-Ата» халықаралық әуежайы» АҚ-ның авиаотынды өткізу кезінде баға белгілеу мәселесі бойынша қызметін зерделеді.
Тергеп-тексеру барысында авиаотынды өткізу кезінде монополиялық жоғары баға белгілеу бөлігінде монополияға қарсы заңнаманы бұзу фактілері анықталды.
Өз кезегінде, Әуежай тергеп-тексеру нәтижелерімен келіспей, оларды бірінші және екінші сатыдағы соттарда даулады. Жамбыл облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен тергеп-тексеру нәтижелері заңды және негізді деп танылды. Тараз қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында өткен сот отырысы барысында Әуежай өз кінәсін мойындады.
Кәсіпорын Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 159-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 3,2 млн теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды және монополиялық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алынған 25,2 млн теңге мөлшеріндегі монополиялық кіріс тәркіленді.
Сонымен қатар, монополияға қарсы орган Әуежайға Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тоқтату туралы тиісті нұсқама берді. Нұсқамаға сәйкес экономикалық негізделген баға белгілеу талап етілді.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #«ӘулиеАта» әуежайы #айыппұл #сот #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz