Қазақстанда қор нарығын дамытудың жаңа бағдарламасы әзірленді. Құжат 2030 жылға дейін нарықты жандандырып, инвесторлар мен отандық компанияларға жаңа мүмкіндіктер ашуды көздейді, деп хабарлайды 24KZ.
Соңғы бес жылда Қазақстанның қор нарығы айтарлықтай өсті. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметінше, акциялар нарығының капиталдануы екі еседен астам артып, 19,1 трлн теңгеден 41,8 трлн теңгеге жеткен. Ал облигациялар нарығының көлемі шамамен екі есеге жуық өсіп, 32 трлн теңгеден 58 трлн теңгеге дейін ұлғайды.
2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша KASE деректеріне сәйкес, акциялар нарығының капиталдануы шамамен 108,1 млрд долларды құрады. Жыл басынан бері бұл көрсеткіш 39%-ға өскен. Осы кезеңде KASE индексі де шамамен 16%-ға жоғарылады.
Көрсеткіштер оң динамиканы көрсеткенімен, қор нарығының номиналды өсуі оның сапалық дамуын, тереңдігі мен өтімділігін қаншалықты көрсетеді деген заңды сұрақ туындайды.
Qazaq Expert Club сарапшысы, экономика ғылымдарының кандидаты, қаржыгер Айгерім Ілиясованың айтуынша, акция бағасы өсіп, нарық капиталдануы ұлғайғанымен, бағалы қағаздардың едәуір бөлігі ірі акционерлердің қолында болып, нарықта еркін айналымға түспесе, инвесторларға үлкен көлемдегі акцияларды нарық бағасына айтарлықтай әсер етпей сатып алу немесе сату қиын.
Сарапшының пікірінше, өтімділік Қазақстан қор нарығындағы негізгі мәселелердің бірі болып отыр.
Акциялардың айналым коэффициенті* небәрі 1,4%, облигациялар бойынша 9,1%, ал корпоративтік облигациялар бойынша 3% ғана. Еркін айналымдағы акциялардың, яғни free-float үлесі 38%-дан 21%-ға дейін төмендеді. Бұл өте төмен көрсеткіштер. Олар Қазақстан нарығында бағалы қағаздарға тұрақты әрі ауқымды сұраныс пен ұсыныстың қалыптаспағанын көрсетеді, – деп есептейді Айгерім Ілиясова.
Сондықтан оның айтуынша, жаңа бағдарламаның негізгі міндеттерінің бірі – нарықтағы өтімділікті арттыру. Яғни инвесторлар бағалы қағаздардың қомақты көлемін тұрақты түрде сатып алып, сата алатын нарық қалыптастыру қажет. Ол үшін бір мезетте инвесторлар тарапынан сұранысты да, компаниялар тарапынан ұсынысты да арттыру керек.
Қазақстандағы ең ірі институционалдық инвестор – Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры. Ал Ұлттық банктің инвестициялық стратегиясы негізінен тәуекелі төмен облигацияларға бағытталған.
2026 жылы зейнетақы жинақтарының қор нарығын дамытудағы рөлі айтарлықтай артты. Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін мерзімінен бұрын алу үшін белгіленген жеткіліктілік шегінің өсуіне, сондай-ақ жинақтардың инфляцияны ескере отырып сақталуына берілетін мемлекеттік кепілдіктің жойылуына байланысты азаматтардың зейнетақы жинақтарын жеке басқарушы компанияларға аударуға ынтасы артты, – дейді қаржыгер.
Айгерім Ілиясованың айтуынша, бұл зейнетақы қаражатын нарықтық қаржы құралдарына инвестициялау мүмкіндігін кеңейтеді. Соңғы 12 айдың қорытындысы бойынша барлық жеке басқарушы компаниялардың кірістілігі БЖЗҚ көрсеткішінен жоғары. Бұл олардың табыстылығы жоғары бағалы қағаздарға көбірек инвестиция салатынын көрсетеді.
Жеке инвестициялық портфельді басқарушылардың рөлі артып келе жатқанымен қатар, Ұлттық банк те салымшылардың өмірлік цикліне қарай инвестициялық стратегиясын қайта қарамақ. Мәселен, жас салымшылар инвестициялаудың неғұрлым агрессивті тәсілін таңдаса, жасы үлкен азаматтар консервативті стратегияны ұстануы мүмкін, – дейді сарапшы.
Тағы бір бағыт – жеке инвесторлардың мүмкіндігін кеңейту. Атап айтқанда, ұжымдық инвестициялар қорларын дамыту көзделіп отыр. Олардың қатарында ақша нарығы қорлары, жылжымайтын мүлік қорлары, облигаци
Тегтер #24жаңалықтар #24KZ #қор нарығы #қаржы
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz