RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

385 млрд теңге инвестиция: Ақмола прокуратурасы виза ала алмаған шетелдік инвесторға көмектесті

24.09.2026, 10:03 45

Ақмола облысының прокуратурасы шетелдік инвесторға көмектесті, деп хабарлайды «24KZ».

Қытайлық Dalian Hesheng Holdings компаниясы Ақмола облысында «Азия Алтын Дан» ЖШС-мен бірлесіп, құны 385 млрд теңге болатын ірі инвестициялық жобаны жүзеге асырып жатыр. Жоба аясында шамамен 800 жұмыс орнын құру көзделген.

Алайда шетелдік компанияның бас директорының Қазақстанда жұмыс істеуіне қажетті инвесторлық визаны рәсімдеу туралы өтінішіне екі рет бас тартылған.

Осыған байланысты инвестор Ақмола облысының прокуратурасына жүгінген.

Прокуратура уәкілетті мемлекеттік органдармен жұмыс жүргізіп, мәселені реттеуге ықпал етті. Нәтижесінде Dalian Hesheng Holdings компаниясының бас директоры үшін инвесторлық виза рәсімделді.

Енді компания басшысы Қазақстанда болып, зауыт құрылысы мен инвестициялық жобаның іске асырылу барысын жеке өзі бақылай алады.

Инвесторлық визаның рәсімделуі компания басшысына жобаны жүзеге асыруға тікелей қатысуға, зауыт құрылысын бақылауға және туындайтын мәселелерді жедел шешуге мүмкіндік береді.

 «24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz