Қазақстан 2030 жылға қарай аграрлық экспорттағы өңделген өнім үлесін 70%-ға жеткізуді жоспарлап отыр.
Осы мақсатта жылына 5,8 млн тонна астықты терең өңдейтін 6 ірі жоба іске қосылып, 4 млрд доллар инвестиция тартылады. Жобалар аясында крахмал, глютен, шәрбат және биоэтанол өндіріледі. Соңғы екі жылда ет, сүт, майлы дақылдар, жүгері, күріш және қарақұмықты қайта өңдеу үлесі 35%-дан 64%-ға өсті. Елде 210-ға жуық ет және 180 сүт өңдеу кәсіпорны жұмыс істейді, ал күнбағыстың 90%-дан астамы ішкі нарықта өңделеді. Қайта өңдеу кәсіпорындарын қаржыландыруға шамамен 230 млрд теңге бағытталды, деп хабарлайды 24KZ.
Тегтер #ауыл шаруашылығы #қайта өңдеу #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz