Қыркүйектің соңғы жексенбісі елде машина жасаушылар күні де атап өтіледі.
Бүгінде салада 68 мыңнан астам адам еңбек етіп жүр. Ұлттық статистика бюросы ұсынған мәліметке мән берсек, жеті айда елдегі автоөндіріс 33 пайызға артып, отандық өндірушілер 111 мың машина мен түрлі техника шығарған. Оның басым бөлігі - жеңіл көліктер. Сондай-ақ 4 мың жүк көлігі, 1 мың 612 автобус, 594 арнайы техника, 2 мың тіркеме шығарылды. Алда көрсеткіш көбеймесе, кемімейді. Жыл соңына дейін 190 мың темір тұлпар өндіру жоспарланып отыр. Былтыр бұл меже 171 мың еді. Саладағы серпіліске инвестициясының игілігі себеп. Бес жылда секторға 457 млрд теңге сыртқы салым тартылды.
Қызметкерлер - 68,3 мың
7 ай - 111 мың көлік
Жеңіл автокөлік - 102 870 дана
Жүк көлігі - 4 009 дана
Автобус - 1 612 дана
Арнайы және мамандандырылған техника - 594 дана
Тіркеме - 2 030 дана
2025 жылы - 171 мың көлік
2026 жылы - 190 мың көлік
Инвестиция - ₸457 млрд
Тегтер #машина жасау #еңбек адамы #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz