Қазақстанда биыл 825 мың тонна авиациялық отын өндіріледі деп күтілуде. Бұл былтырғы көрсеткіштен 13%-ға жоғары, деп хабарлайды 24KZ.
Энергетика министрлігінің мәліметінше, биыл 750 мың тонна авиаотын өндіру жоспарланған. Алайда 8 айдың қорытындысында елде 591 мың тонна өнім өндірілді.
Өткен жылы Қазақстанда 726 мың тонна авиациялық отын өндірілген. Ал алдағы уақытта өндіріс көлемін кезең-кезеңімен арттыру көзделіп отыр. 2031 жылға қарай бұл көрсеткішті 1,5 млн тоннаға жеткізу жоспарланған.
Қазір отандық авиаотын елдің азаматтық авиациясы, күштік құрылымдары, азаматтық қорғау органдары және мемлекеттік материалдық резервінің қажеттілігін толық қамтамасыз етеді. Ал жолаушылар авиациясының ішкі нарықтағы жылдық қажеттілігі шамамен 680 мың тоннаны құрайды.
Тегтер #24жаңалықтар #24KZ #авиаотын #авиацияPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz