RU
Толық нұсқаға өту

«Ұлттық қор – балаларға»: 366 мың қазақстандық төлем алды

28.09.2026, 18:30 40

366 мыңға жуық қазақстандық «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында жиналған қаражатын пайдаланды.

1 қыркүйектегі дерек бойынша ел азаматтары 50,4 млн долларды тұрғын үйге, 25,7 млн доллары білім алуға жұмсаған. Қаржы министрлігінің мәліметінше, биыл әр балаға 130,71 доллардан есептелді. «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы 2024 жылдан бері жұмыс істейді. Балаларға кәмелетке толғанға дейін жыл сайын Ұлттық қордың орташа инвестициялық табысының 50 пайызы есебінен қаражат аударылады. 18 жасқа толғаннан кейін жинақ Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы жинақ шотына аударылады. Қаражатты ел аумағында тұрғын үй жағдайын жақсартуға немесе елде және шет елде білім алуға жұмсауға болады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz