RU
Толық нұсқаға өту

Теңге нығаюын жалғастырды

28.09.2026, 18:44 49

Қазақстандық қор биржасында доллар төмендеп, теңге нығаюын жалғастырды.

KASE жариялаған дерекке сәйкес, жаңа аптаның басында төл ақшамыз 0,02% немесе 0,11 теңгеге нығайды. Өзгеріс айтарлықтай болмағанымен, алайда бүгінгі сауда-саттықтың қорытындысында ол ұлттық валютамыздың келесі күнгі бағамына оң әсер етті. Айта кетейік, 28 қыркүйекке арналған ресми доллар бағамы 441,88 теңге шамасында белгіленді. Қолданыстағы тәртіпке сәйкес, 29 қыркүйекте оның бағамы 441,77 теңгені құрайды. Сондай-ақ Ұлттық банк мәліметінше, бүгін еуро 503,61 теңге, Қытай юані 65,83 теңге, Ресей рублі 5,24 теңге шамасында белгіленді. 

USD / KZT    441.88

EUR / KZT    503.61

CNY / KZT    65.83

RUB / KZT    5.24

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz