RU
Толық нұсқаға өту
@KZgovernment

Қазақстанда астық жинау 83%-ға аяқталды

29.09.2026, 10:41 43

Қазақстанда егістік құрылымындағы дәнді дақылдардың үлесі бидай алқаптарының қысқаруы және майлы дақылдардың 5,2 млн гектарға дейін кеңеюіне байланысты 72%-дан 66%-ға дейін төмендеді. Бұл туралы Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов мәлімдеді, деп хабарлайды «24KZ».

Оның айтуынша, науқан былтырғы қарқыннан тез жүргізілуде. Еліміздегі жалпы егін жинау алаңы 24,2 млн гектарды құрайды, оның 15,6 млн гектардан астамы дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарға тиесілі. 

2024 жылдан бастап майлы дақылдар 2,2 млн гектарға ұлғайтылды, содан бергі екі жылда жүгеріге өңдеу кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз ету үшін қосымша 120 мың гектар бөлінді. Жалпы құрылымдағы майлы дақылдардың үлесі 13%-дан 18%-ға дейін өсті.

Бүгінгі таңда 13,5 млн гектар астық немесе жалпы егіс алқаптарының 83%-ы жиналды, орташа өнімділік – гектарынан 14,7 центнер. Осы кезеңде 19,9 млн тонна астық бастырылды. Дәнді дақылдардың жалпы көлемі орташа көпжылдық мәндерден жоғары болады деп болжануда, бұл ішкі нарықты астықпен, жем-шөп пен тұқыммен толық көлемде қамтамасыз етуге, сондай-ақ экспорт көлемін сақтауға мүмкіндік береді, - деп баяндады Азат Сұлтанов.

АШМ деректері бойынша бүгінгі таңда 2,4 млн гектар жерден майлы дақылдар жиналды, 2,4 млн тонна майлы дақылдар тұқымы бастырылды, ал егін жинау қорытындысы бойынша 5 млн тоннадан астам өнім жиналады деп күтілуде. Сонымен қатар, 2,9 млн тонна көкөніс, 2,3 млн тонна бақша өнімдері және 2,5 млн тонна картоп жиналды. Мақтаның өнімділігі гектарынан 32 центнер құрады, Осы кезеңде 70,5 мың тонна шикізат алынды, бұл ретте тамшылатып суару алаңы екі жыл ішінде 3 мыңнан 80 мың гектарға дейін ұлғайтылды.

Сондай-ақ, вице-министр Батыс Қазақстан облысында астық жинау толығымен аяқталғанын, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Жамбыл және Қарағанды облыстарында алаңдардың 95%-дан астамы жиналғанын атап өтті.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz