Түркістан облысында су ресурстарын үнемдеу мақсатында егістіктерді әртараптандыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп, суды көп қажет ететін күріш алқаптары екі еседен астамға қысқарды. Бұл туралы Үкімет отырысында облыс әкімі Нұралхан Көшеров мәлімдеді, деп хабарлайды «24KZ».
Өңірдегі ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы көлемі былтырмен салыстырғанда 9 мың гектарға ұлғайып, 920 мың гектарға жетті. Су ресурстарын ұтымды пайдалану мақсатында күріш алқаптары 7,4 мың гектарға азайып, 3,5 мың гектарға дейін қысқартылды. Сонымен қатар егістік құрылымын әртараптандыру аясында дәнді дақылдардың егіс алқабы да 12,8 мың гектарға азайып, 274,4 мың гектарды құрады.
Өз кезегінде майлы дақылдардың ауданы 28 мың гектарға артып, 98,3 мың гектар болды, ал жүгері алқабы 6,4 мың гектарға өсіп, 46,5 мың гектарға жетті. Бұдан бөлек, мақта дақылдары 29 мың гектарға ұлғайып, 173,6 мың гектарды құрады. Әкімнің айтуынша, мақта алқаптарының блайша артуы өңірде жаңа су үнемдеу технологияларын енгізу есебінен қамтамасыз етілген.
Тегтер #Түркістан облысы #су үнемдеу технологиясы #майлы дақылдар #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz