RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

Көкөніс тапшылығы мен бағаның негізсіз өсуіне жол берілмейді

29.09.2026, 12:33 49

 Премьер-министр Олжас Бектенов маусымаралық кезеңде әлеуметтік маңызы бар көкөніс өнімдерінің тапшылығына және бағаның негізсіз өсуіне жол бермеуді тапсырды, деп хабарлайды «24KZ».

Бұл туралы ол Үкімет отырысында айтты. Сондай-ақ өңірлерде қысқы және көктемгі кезеңге арналған көкөніс қорын қалыптастыру жұмыстарын күшейтуді жүктеді.

Қысқы және көктемгі кезеңдерге көкөніс, әсіресе картоп қорын дайындап алу басым бағыт болып қала береді. Егін орағы кезінде қажетті көлемдерді алдын ала келісімшарт арқылы уақтылы сатып алып, сақтауға қою керек. Өңір әкімдіктері бұл мәселені бақылауда ұстап, маусымаралық кезеңде әлеуметтік маңызы бар көкөніс өнімдерінің тапшылығына және бағаның негізсіз өсуіне жол бермеуге тиіс. Бұл ретте өнімнің артылған көлемін экспортқа бағыттау қажет. Сауда және Көлік министрліктері шаруаларға өнімді өткізу нарықтарын іздестіруге және сатуға жәрдемдесуге тиіс, – деп атап өтті Олжас Бектенов.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz