Биыл жаһандық инновациялық индекс қорытындысы бойынша Қазақстан әлемдік рейтингте 73-ші орынға жоғарылап, Орталық Азия елдері арасында көш бастады, деп хабарлайды 24KZ.
Бір жыл ішінде еліміз бірден сегізінші сатыға көтерілді. Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы Қазақстанның ілгерілеуін Орталық және Оңтүстік Азия өңіріндегі ең елеулі өсім ретінде бағалады. Елдің мықты тұстарының қатарында жоғары технологиялық сектордың дамуы, еңбек өнімділігінің өсуі және зияткерлік меншік саласындағы белсенділік бар.
Тегтер #24KZ #Қазақстан #жаһандық инновациялық индекс #Орталық Азия #рейтингPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz