2026 жылғы 11 желтоқсаннан бастап «Air Astana» авиакомпаниясы Астана – Бангкок (Таиланд) бағыты бойынша тікелей рейстерді орындауды жоспарлап отыр. Рейстер аптасына екі рет Airbus A321LR әуе кемелерімен орындалады, деп хабарлайды «24KZ».
Көлік министрлігінің мәліметінше, жаңа әуе бағыты іске қосылғаннан кейін Қазақстан мен Таиланд арасындағы рейстердің жалпы саны 4 бағыт бойынша аптасына 20 рейске дейін ұлғаяды.
Қазіргі уақытта Таиландқа мынадай бағыттар бойынша рейстер орындалады:
Алматы – Пхукет, аптасына 7 рейс (Air Astana);
Алматы – Бангкок, аптасына 9 рейс (Air Astana – 6, Thai AirAsia X – 3);
Шымкент – Бангкок, аптасына 2 рейс (SCAT).
Екі мемлекеттің астаналары арасындағы жаңа әуе бағыты туристік және іскерлік сапарлар үшін мүмкіндіктерді кеңейтіп, Қазақстан мен Таиланд арасындағы байланыстарды одан әрі нығайтуға ықпал етеді.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #Қазақстан #Таиланд #әуе рейсі #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz