Биыл Қазақстан мен АҚШ арасындағы сауда айналымы 7 млрд доллардан асты. Бұл дипломатиялық қатынас орнағалы қол жеткізілген рекордтық көрсеткіш. Дегенмен алыс-беріс үшін мүмкіндік әлі де көп, деп хабарлайды 24KZ.
Бұны АҚШ Елшісі Джули Стаффт арнамыздың тілшісі Бақыт Топтаеваға берген эксклюзивті сұхбатында айтты. Елші Шығыс пен Батысты байланыстыратын Транскаспий дәлізінің маңыздылығын атап өтті.
«Қазақстан да, біздің ел де бұл бағыттағы жұмыстарды бірлесе атқаруға бейіл. Әрі бұл қадам аймақтық және жаһандық деңгейдегі ынтымақтастыққа жол ашады», - дейді Джули Стаффт. Бұдан бөлек, Қазақстан алғаш рет Техас штатындағы америкалық компанияға ірі көлемдегі инвестиция құйды. «Қазақстанның да АҚШ-тағы бизнеске қаржы құйып жатқанын көру өте қуанышты жайт», - деді АҚШ елшісі. Сонымен қатар дипломат қос ел Президенттерінің өзара сыйластығы арқасында стратегиялық қарым-қатынас бұрын-соңды болмаған деңгейге жеткенін атап өтті.
Джули М. Стаффт, АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі:
- Шынында да, АҚШ пен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қатынас 35 жылда алғаш ең жоғары деңгейге жетті. Бұл өте қуантады. Президенттеріміз бір-бірін жақсы біледі, жиі байланыста болады. Президент Трамп желтоқсанда Майамиде өтетін G20 көшбасшылары саммитінде Президент Тоқаевты көруге асық. Бұл — өте маңызды оқиға. Иә, бұл ынтымақтастық — тамаша дүние. Бірақ оның түбінде Орталық Азия аймағының маңыздылығын түйсіну жатыр. АҚШ бұл аймақта белсенді рөл атқарып, онымен серіктес болуға ниетті. Көп жылдық дипломатиялық тәжірибемнен түйгенім: кейде ең мықты серіктестер кейде іргеде емес, географиялық тұрғыдан алысырақ орналасуы мүмкін. АҚШ пен Қазақстан арасындағы қарым-қатынас — соның айқын дәлелі.
Тегтер #24KZ #АҚШ #Қазақстан #сауда айналымыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz