RU
Толық нұсқаға өту

Ауғанстанға бидай мен күнбағыс майы экспортталады

01.10.2026, 11:40 53

Қазақстан Ауғанстанға бидай мен күнбағыс майын жеткізеді. Гератта өткен бизнес-форумда отандық компаниялар 11 млн долларға бидай және шамамен 10 млн долларға сұйық майды экспорттау бойынша келісімшарттарға қол қойды, деп хабарлайды 24KZ.

Қазақстан қазірдің өзінде ауған нарығына ұн, бидай, күнбағыс майы, металл өнімдері және минералды тыңайтқыштар жөнелтіп отыр. Кейінгі жылдары екі ел арасындағы сауда көлемі күрт өскен. Биылғы жарты жылда өзара тауар айналымы 581,1 млн долларға жетті.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz