RU
Толық нұсқаға өту

ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты

02.10.2026, 09:29 45

Қазақстан теміржолында астық тасымалы бойынша жаңа рекорд тіркелді. 2026 жылғы қыркүйекте «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ желісі бойынша 1,45 млн тонна астық тиелді, деп хабарлайды «24KZ».

Бұл қыркүйек айлары үшін бұрын-соңды болмаған ең жоғары көрсеткіш. Былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда өсім 7%-ды құрады.

Әсіресе экспорттық тасымал қарқын алған. Бір айда шетелге 1,2 млн тонна астық жөнелтіліп, көрсеткіш өткен жылдың қыркүйегінен 13%-ға артты.

Негізгі экспорттық бағыт Орталық Азия елдері болып отыр. Бұл бағытқа 701 мың тонна астық тасымалданды, өсім 8%-ды құрады. Соның ішінде Өзбекстанға жөнелтілген астық көлемі 14%-ға артып, 512 мың тоннаға жетті.

Бірқатар бағыттарда тасымал бірнеше есе өскен. Атап айтқанда, Ауғанстанға астық жөнелту 3,4 есеге артып, 107 мың тоннаға, ал Қытайға тасымал 2,8 есеге өсіп, 188 мың тоннаға жетті.

Ұнтақ өнімдерін тасымалдауда да оң динамика байқалады. Қыркүйекте теміржол арқылы 274 мың тонна ұнтақ өнімдері тасымалданды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 13% жоғары. Оның 230 мың тоннасы экспортқа жөнелтіліп, сыртқы нарыққа тасымал көлемі 27%-ға артты.

Жалпы, 2026 жылдың тоғыз айында Қазақстан теміржолы арқылы 10,8 млн тонна астық тасымалданған. Бұл былтырғы көрсеткіштен 12% артық. Оның ішінде экспортқа 8,4 млн тонна астық бағытталып, өсім 14%-ды құрады.

Қыркүйектегі көрсеткіш биылғы астық тасымалының жоғары қарқынын айғақтап отыр. Әсіресе Қытай мен Ауғанстан бағытындағы бірнеше еселік өсім Қазақстан астығының экспорттық географиясында бұл нарықтардың үлесі артып келе жатқанын көрсетеді.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz