Қазақстан тауарды импорттаудан гөрі өндіруге ден қойды. Berlin Today сарапшылары бағалаған тағы бір маңызды бағыт осы. Олардың пайымынша, бұл үрдіс бірқатар салада байқалады.
Мысал ретінде автомобиль өндірісі айтылған. Жеті жылда Қазақстанда шамамен 800 мың көлік өндірілді. Бұл – халық тұтынатын тауар ғана емес. «Бизнестен бастап, логистика, инженерия, техникалық мамандар мен білікті жұмысшылардың қызметін қолдау», - дейді сарапшылар. Осы ретте елде 2029 жылға дейін 140 өндірістік жоба іске қосылады.
Бақытжамал Жұматаева, экономист:
- Қазақстан үшін бұл маңызды мәселе. Себебі еліміздің бірқатар саласында импортқа тәуелділік әлі де жоғары болып келе жатыр. Алайда импорттауды алмастырудың мақсаты – бұл импортты толығымен тоқтату емес. Экономикалық тұрғыдан тиімді әрі бәсекеге қабілетті өндірістерді қалыптасыра алу керек.
Тегтер #24KZ #тауар нарығы #импорт #өндіру #Berlin Today #көлікPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz