Еуроаймақта инфляция күшейіп, қыркүйекте жылдық өсім 3,8 пайызға жетті. Бұл – кейінгі үш жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Еуростат мәліметіне сәйкес, инфляция деңгейі сарапшылар болжамынан асып түсті.
Бір ай ішінде тұтыну бағасы 0,6 пайызға артқан. Ең алдымен, энергия ресурстары қымбаттады. Олардың бағасы жыл ішінде 19 пайызға өскен. Сондай-ақ азық-түлік, қызмет көрсету, алкогольді сусындар және темекі өнімдерінің құны артты.
Тегтер #24KZ #инфляция #энергия көздері #қымбатшылық #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz