RU
Толық нұсқаға өту
Фото: ҚР Энергетика министрлігі

Қазақстанға Доңға кен орны бойынша қаржылық өтемақы төленеді

05.10.2026, 14:36 55

Астанада Доңға кен орны бойынша Өнімді бөлу туралы келісім (ӨБК) аясындағы даулы мәселелерді реттеу туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлайды «24KZ».

Келісім тараптар арасындағы мердігердің жекелеген тарихи шығындарын өтеуге қатысты көпжылдық дауды реттеуді көздейді. Қол жеткізілген уағдаластықтарға сәйкес, Қазақстанның пайдасына қаржылық өтемақы төленіп, кен орнын игеруге бағытталған ауқымды инвестициялар жалғастырылады.

Құжатқа ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов пен «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Руслан Балықбаев қол қойды. Келісім кейін консорциумның шетелдік серіктестері – Oman Oil Company Limited және PTTEP Corporation компанияларына қол қою үшін жолданады.

Даудың реттелуі 2026–2039 жылдарға арналған кен орнын игерудің жаңа жоспарын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Жоспар бойынша осы кезеңде 67,4 млн баррель мұнай өндіру және капиталдық әрі операциялық инвестициялар тарту көзделген.

ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтің айтуынша, қол жеткізілген келісім ұзаққа созылатын сот рәсімдеріне жүгінбей, мемлекеттің экономикалық мүдделерін қорғауға және Доңға кен орнында жаңа инвестициялық циклді бастауға мүмкіндік береді.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz