RU
Толық нұсқаға өту

Әлемде астық бағасы 80%-ға өсуі мүмкін

05.10.2026, 20:15 45

Ормуз бұғазында кеме қатынасының тежелуінен жаһанда азық-түлік дағдарысы туындауы мүмкін, деп хабарлайды 24KZ.

Стратегиялық маңыздағы су жолы ашылмаса, жекелеген өңірлерде астық бағасы 80 пайызға қымбаттайды. Бұл туралы The Wall Street Journal басылымы Халықаралық сауда палатасына сілтеме жасап хабарлады. Мәліметке қарағанда, әлемдегі тыңайтқыш тасымалының шамамен үштен бірі осы өткел арқылы өтеді. Логистикадағы іркіліске байланысты экспорт көлемі шамамен 40%-ға төмендеп, әлемдік нарыққа 2,5 млн тоннадан астам өнім тиісті межеге жетпей қалды. Бұған қоса Эль-Ниньо құбылысы да ахуалды ушықтырып отыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz