Мемлекеттік шығыстарды цифрландыру аясында бюджет қаражаты қаржыны басқарудың бірыңғай цифрлық жүйесіне біріктірілді. Ол жоспарлау мен мемлекеттік сатып алудан бастап қазынашылық атқару және онлайн мониторинг жүргізуге дейінгі кезеңдерді қамтиды. Бұл туралы Үкімет отырысында қаржы министрі Мәди Такиев мәлімдеді, деп хабарлайды «24KZ».
Оның айтуынша, аталған жүйе әрбір теңгенің қозғалысын қадағалауға және оны пайдаланудың тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді. Бұл ретте шығыстарды кейіннен бақылаудан оларды алдын ала басқаруға көшу қаражаттың тиімсіз жұмсалуына жол бермеуге ықпал етеді.
Тегтер #24жаңалықтар #24KZ #бюджет #үкіметБюджетті жоспарлау кезеңінің өзінде тек фискалдық деректерді пайдалану есебінен жылына 200 млрд теңгеге дейін үнемдеуге мүмкіндік туды. 2027–2029 жылдарға арналған бюджетті қалыптастыру кезінде қазірдің өзінде 1,5 трлн теңге көлеміндегі шығындардың алдын алдық,— деді Мәди Такиев.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz