RU
Толық нұсқаға өту

Елімізде көмір химиясы дамып жатыр

06.10.2026, 11:49 54

Елде көмірді терең өңдеуге бағытталған үш ірі инвестициялық жоба қолға алынды.

Қарағанды облысында жылына 1 миллион тонна металлургиялық кокс өндіретін зауыт салу жоспарланған. Бұдан бөлек Павлодар және Қарағанды облыстарында көмірден жылына 100 мың тонна дизель отыны өндірілмек. Саланы ілгерілету үшін Энергетика министрлігі 2026-2031 жылдарға арналған көмір химиясы өнеркәсібін дамыту жөніндегі жол картасының жобасын әзірледі. Құжатқа көмірді терең өңдеуге бағытталған бірқатар жоба енгізілген. Мәселен, Қарағанды облысында коксохимия кластерін дамыту көзделіп отыр. Жоба шеңберінде жылына 200 мың тоннаға дейін шайыр өңделіп, 35 мың тоннаға дейін бензол шығарылады. Абай облысында жылына 300 мың тонна аммиак және 520 мың тонна карбамид өндіріледі. Ал Павлодар облысында Сарыкөл кен орнында 100 мың тонна дизель отынын өндіру қарастырылып жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz