RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстан – Оман тауар айналымы

06.10.2026, 15:00 47

Қазақстан мен Оман арасындағы тауар айналымы қаңтар-шілде аралығында 305 мың доллардан асты.

Алыс-берістің басым бөлігі импортқа тиесілі. Оманнан Қазақстанға 213 мың долларға жуық сомада тауар жеткізілген. Оның 202 мың доллардан астамына әтір сатып алынған. Бұдан бөлек косметика, бақылау-өлшеу құралдары, профильдік проектор, сабын, мыс кендері мен концентраттары, қара металдан жасалған бұйымдар және пластмасса ыдыстар әкелінген. 

Ал Қазақстаннан Оманға шамамен 93 мың доллардың тауары жөнелтілді. Экспорттың елу пайыздан астамы машиналар мен құрылғыларға арналған бөлшектер. Сонымен қатар пластмасса мен металл бұйымдар, электр жабдықтары, есептеу және жазба құрылғылары жіберілді.

1) $305,1 мың

ТАУАР АЙНАЛЫМЫ

$213 мың

ИМПОРТ

$202,5 мың - Әтір

$3,1 мың - Косметика

$2,6 мың - Бақылау-өлшеу аспаптары және профильдік проекторлар

$2,56 мың - Сабын

$1,83 мың - Мыс кендері мен концентраттары

$0,1 мың - Қара металдан жасалған бұйымдар

$0,03 мың - Пластмасса ыдыстар

 

2) $92,3 мың

ЭКСПОРТ

$48,7 мың - Машиналар мен құрылғыларға арналған бөлшектер

$36 мың - Электр тоғын басқаруға арналған бөлшектер

$4,28 мың - Қара металдан жасалған бұйымдар

$1,94 мың - Электр жабдықтары

$1,27 мың - Пластмассадан жасалған бұйымдар

$0,09 мың - Есептеу және жазба құрылғылары

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz