Қазақстанда алдағы қысқы қора-жай кезеңіне 41 млн тоннадан астам жемшөп дайындалды. Бұл жоспарланған көлемнің 103,6%-ын құрайды, деп хабарлайды «24KZ» ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.
Оның ішінде 26,7 млн тонна шөп, 2,4 млн тонна пішендеме, 2,8 млн тонна сүрлем, 4,8 млн тонна сабан және 4,6 млн тонна құнарландырылған жем әзірленген.
Министрліктің мәліметінше, жемшөптің негізгі түрлері бойынша жоспардың орындалуы шаруашылықтарда қосымша қор қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар өткен жылғы қысқы кезеңнен қалған жемшөп қоры бар.
Қажет болған жағдайда мал шаруашылығы кәсіпорындарын қосымша жемшөппен қамтамасыз ету үшін «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ дайындаған астықтың жемдік қоры резервтік ресурс ретінде пайдаланылмақ.
Ауыл шаруашылығы министрлігі өңір әкімдіктерімен бірлесіп, жемшөп дайындау науқанының қорытынды кезеңіне мониторинг жүргізіп жатыр.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #24жаңалықтар #24KZ #АШМ #АШМPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz