Қазақстан мен Ұлыбритания азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастықты кеңейтіп, әуе қатынасын дамыту және авиациялық инфрақұрылымды жаңғырту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды 24KZ Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.
Бұл бағыттар Астанада 7–8 қазанда өтіп жатқан Central Asia MRO халықаралық іс-шарасы аясында қаралды. Жиынға Қазақстан Көлік вице-министрі Талғат Ластаев пен Ұлыбританияның сауда мәселелері жөніндегі министрі Анас Сарвар қатысты.
Тараптар әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету және жөндеу саласын дамытуға, заманауи технологияларды енгізуге, инвестиция тартуға және бірлескен жобаларды іске асыруға басымдық берді.
Сондай-ақ Қазақстандағы MRO нарығын дамыту, отандық авиация мамандарының біліктілігін арттыру және халықаралық компаниялармен байланысты күшейту мәселелері сөз болды.
Қазақстан тарапы Ұлыбританиямен серіктестікті одан әрі нығайтуға және британдық әуе компаниялары мен авиациялық кәсіпорындарды бірлескен жобаларға тартуға мүдделі екенін атап өтті.
Тегтер #24жаңалықтар #24KZ #Ұлыбритания #авиацияPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz