RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

Қазақстанда 2029 жылға дейін жаңа электр станциялары салынып, электр қуаты 4 ГВт-қа артады

08.10.2026, 09:40 48

Қазақстанда 2028–2029 жылдары жаңа генерациялайтын қуаттарды кезең-кезеңімен іске қосу жоспарланып отыр. Энергетика министрлігі электр энергетикасын дамытудың ұзақ мерзімді жоспарын әзірледі, деп хабарлайды «24KZ».

Жоспарға сәйкес, 2028 жылы елде 2 ГВт дәстүрлі генерация іске қосылады. Атап айтқанда, Тараз, Атырау және Ақтөбе қалаларында бу-газ қондырғылары салынады. Сондай-ақ Екібастұз ГРЭС-2-нің №3 энергоблогын салу, «Қарағанды Энергоцентрде» қазандық және турбоагрегат орнату көзделген.

Бұдан бөлек, «Kazakhmys Energy» БТЭЦ-інде және ЖЭО-да жаңа қазандықтар мен турбоагрегаттар орнатылады. Ақсу ГРЭС-інің энергоблогын кеңейту және жаңғырту жобасы да жүзеге асырылады.

2029 жылы тағы 2,3 ГВт дәстүрлі генерацияны іске қосу жоспарланып отыр. Оның ішінде Өскемен ЖЭО-да жаңа турбоагрегат пен қазандық агрегатын салу, Атырау ЖЭО-да бес газ-турбиналық қондырғы орнату қарастырылған.

Сондай-ақ «Батыс Пауэр» ЖШС-нің екі газ-турбиналық қондырғысын салу, Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында жаңа жылу электр орталықтарын іске қосу жоспарланған. Екібастұз ГРЭС-3-тің бірінші энергоблогын іске қосу да 2029 жылға жоспарланған.

Сонымен қатар Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерін дамыту жалғасады. 2028 жылы 2,2 ГВт, ал 2029 жылы 2,8 ГВт жаңартылатын энергия нысандарын іске қосу көзделіп отыр.

Ведомство мәліметінше, аталған жобалардың жүзеге асырылуы елдің генерациялайтын қуаттарын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді. Нәтижесінде 2029 жылы Қазақстанның энергетикалық жүйесі тұрақты профицитке шығуы күтіледі. 

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz