RU
Толық нұсқаға өту

Әлемдік нарықта бағалы металдар бағасы құбылып тұр

08.10.2026, 23:30 49

 Алтынның бір трой унциясы екінші күн қатарынан 4 мың 100 доллар шамасында саудаланып жатыр, деп хабарлайды 24KZ.

Күміс арзандап, 58 долларға жуықтаса, платина, керісінше, қымбаттап, 1 мың 649 долларға жетті. Инвесторлар АҚШ-та пайыздық мөлшерлеме тағы көтеріледі деп болжайды. Өйткені мұнайдың қымбаттауы инфляцияны күшейтуі мүмкін. Сарапшылар: «Пайыздық мөлшерлеме өссе, алтынға сұраныс одан әрі азаяды», - деген пікірде. Алайда оның бір қалыпта сақталу ықтималдылығын мамандар 80 пайызға бағалап отыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz