Елдің экспорттық әлеуеті артып, шикізат емес дайын өнімдерді жеткізу ұлғайған, деп хабарлайды 24KZ.
Жалпы биылғы жеті айда экспорт көлемі 15,8%-ға өсіп, 51 млрд долларға жуықтаған. Ұлттық банктің мәліметінше, биыл жарты жылда тауарлар экспорты 27,1%-ға, яғни 48,5 млрд долларға дейін өскен. Ал статистика осы кезеңде мыс катодтарын жеткізу 58%-ға артқанын көрсетіп отыр. Сондай-ақ мыс кендері мен концентраттарын жеткізу 42,9%-ға, уран 15,1%-ға артты. Күкірт экспорты 2,9 есе, күміс 2,4 есе көбейген. Осылайша, сыртқы сауданың көрсеткіші оң болды. Бұл ғана емес, қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерін сыртқа жеткізу көлемі ұлғайды. Мәселен, жыл басынан бері шаруалар өнімінің экспорты 34,8%-ға жеткен. Мысалы, күнбағыс майы 49,1%, ұн 37,1%, мал азығын жеткізу көлемі 68,2%-ға ұлғайды.
ШИКІЗАТТЫҚ ЕМЕС ӨНІМ ЭКСПОРТЫ
Экспорт - 15,8%
Тауар - 27,1%
Мыс катодтары - 58%
Мыс концентраты - 42,9%
Уран - 15,1%
Күкірт - 2,9 есе
Күміс - 2,4 есе
Тегтер #Елімізде #экспорт #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz