2030 жылға дейін елімізде 3 миллионнан астам адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр, деп хабарлайды 24KZ.
Бұл Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасында белгіленген міндеттердің бірі. Соңғы 7 жылда 3,6 миллион адам жұмысқа орналасқан. Тұрақты жұмыс орындарын құру көрсеткіші бойынша Ақмола, Қостанай және Жамбыл облыстары алдыңғы қатарда. Жаңа жұмыс орындарының басым бөлігі білім беру, ауыл және орман шаруашылығы, сондай-ақ құрылыс салаларында ашылған. Ендігі міндет – өндіріс секторындағы жұмыспен қамтуды арттыру. Себебі бұл бағыт экономиканың дамуына серпін береді. Әсіресе өңірлерде жұмыс орындарын ашу маңызды. Бұл еңбек көші-қонын азайтып, жергілікті кәсіпкерлік пен қызмет көрсету саласының дамуына ықпал етеді.
Тегтер #өңірлер #жұмыс орындары #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz