Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатары төмендеді, деп хабарлайды «24KZ» Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйеніп.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, апта ішінде пияз 4%-ға, қант 2,6%-ға, ал алма 1,8%-ға арзандаған. Сондай-ақ картоп бағасы 1%-ға, сәбіз 0,8%-ға, ал балық 0,3%-ға төмендеген. Бұдан бөлек, қаймақ, ет фаршы және күріш құны 0,2%-ға азайды.
Дегенмен, бірқатар азық-түлік түрлерінің бағасы өзгеріссіз қалды. Атап айтқанда, ұн, нан, сүйексіз сиыр еті, қой еті және тауық етінің құны бұрынғы деңгейінде сақталды.
Өңірлер арасындағы баға динамикасына тоқталсақ, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жалпы құны Атырау облысында 0,3%-ға, ал Түркістан мен Ақтау қалаларында 0,1%-ға төмендеген. Ал Астана, Алматы, Ақтөбе, Жезқазған, Қонаев, Павлодар, Талдықорған және Тараз қалаларында бағалар өткен аптадағы деңгейінде өзгеріссіз қалды.
Тегтер #азықтүлік #ҰСБ #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz