RU
Толық нұсқаға өту

Маркетплейстер төлеген салық үлесі 10 есе артты

10.10.2026, 17:00 41

Қазақстанда маркетплейстердің саудадағы үлесі артып келеді.

Онымен бірге бюджетке түсетін салық көлемі де ұлғайды. Кейінгі төрт жылда ірі онлайн платформалардан түскен салық көлемі 10 есе өсті. Маркетплейстер қазынаға қанша қаржы аударды?

Өткен жылы Қазақстандағы 9 ірі маркетплейс бюджетке шамамен 356 миллиард теңге салық төледі. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 11,5 пайызға көп. Ал 2021 жылмен салыстырсақ көрсеткіш 9,6 есеге өскен.

МАРКЕТПЛЕЙСТЕР ТӨЛЕГЕН САЛЫҚ КӨЛЕМІ:

2025 Ж. - ₸356 МЛРД ((  ӨСІМ - 11,5% ))

2021 ЖЫЛМЕН САЛЫСТЫРҒАНДА - 9,6 ЕСЕ ӨСКЕН

Марат Қайырленов, экономист:

- Бір жағынан, электронды сауда көлемінің өскенін көріп отырмыз. Яғни осы  аралықта шамамен 2 есеге артқан. Бұл бірінші фактор. Екінші фактор әрине салық жүктемесінің өсуі. Бұл  әлемдік үрдіс. Қазір электронды саудаға салынатын салық көлемі де біртіндеп артып келеді.

Барлық салық түсімінің шамамен 39 пайызын отандық сала қамтамасыз еткен. 21 пайызға жуығы ресейлік онлайн платформаның үлесінде. Ал қалған 41 пайызы электронды сауда нарығында жұмыс істейтін өзге компанияларға тиесілі. Сарапшылардың айтуынша, маркетплейстер бүгінде шағын және орта бизнес үшін сатудың маңызды арнасына айналып отыр. Олардың пікірінше, бәсекелестік артқан сайын сатушыларға қойылатын талаптар да өзгеруде.

Алтынай Туеғалиева, «Тест Медикал» ЖШС онлайн сату менеджері:

- Бұрын маркетплейске шыққан кәсіпкер үшін ең бастысы тауарын өткізу болса, қазір негізгі мақсат - сатылымды тиімді ұйымдастырып, табысты арттыру. Өйткені нарықтағы бәсеке күшейіп, тұтынушылардың талғамы да өзгерді. Сондықтан сатушы өз өнімін өзгелерден ерекшелеуі және оны сатып алушыға көбірек таныстыруы керек. Бұл жарнамаға кететін шығынның да артуына себеп болып отыр.

Қазақстанда онлайн сауда нарығы қарқынды дамып келеді. 2025 жылы бөлшек электронды сауданың 86 пайызы маркетплейстер арқылы өткен. Онлайн нарықтың жалпы көлемі 3,8 триллион теңгеге жуықтады. Оның бөлшек саудадағы үлесі де жыл сайын артып келеді.

Дана Килибаева, Руслан Тураше

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz