RU
Толық нұсқаға өту

«Дала дәмі» жәрмеңкесі: ел бойынша 13 мың тоннадан астам өнім сатылды

10.10.2026, 19:00 54

«Дала дәмі».

Осындай атаумен елдің барлық өңірінде ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтіп жатыр. Іс-шара аясында шаруалар жаз бойы баптаған өнімдерін шығарып, табыс табуға мүмкіндік алды. Ал тұрғындар табиғи таза тауарларды нарықтағы бағадан 20 пайызға арзан ала алады. Жәрмеңке басталғалы ел бойынша 13 мың тоннадан астам өнім сатылды. Ет, сүт, бақша дақылдары, жеміс-жидек пен көкөністің мол түрі бар. Осы аптада тағы 3 жарым мың тонна азық-түлік сатуға шығарылады. Жәрмеңкелер демалыс күндері ұйымдастырылып, жыл бойы жалғасады. Ертең Астанада Түркістан және Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz