RU
Толық нұсқаға өту

Қостанай өңірі астықтың 95%-ын жинады. LIVE

12.10.2026, 09:42 42

Қостанай облысында егін орағы аяқталуға жақын.

Бүгінгі күні 4 миллион гектар астық алқабының 95 пайызы орылды. Жауын шашын кедергі келтірмесе, дәнді дақылдар осы аптада толық жиналуы тиіс.

Қостанай облысында егін орағының барысы, астық сапасы жайлы не айтасыз?

Мағауия Қалиев, тілші:

- Бастапқыда биыл егіншіліктен мол өнім алынатындығына сала мамандары да күмән келтірген еді. Оған себеп те жоқ емес. Жаз мезгілі жайсыздау тиді.  Шілденің шіліңгір ыстығынан астық ерте құрғап, салмақ жоғалта ма деген қорқыныш болғаны рас. Бірақ құрғақшылыққа қармастан Тобыл өңірінің диқандары биыл жақсы өнім алды. Осы күнге дейін 5 миллион 300 мың тонна астық жиналды. Өнімділік гектарынан 13,8 центнерден келіп отыр. Рас, былтырғы межеге жете алмауы мүмкін. Естеріңізге салайын, өткен жылы қостанайлық диқандар гектарынан 16,7 центнер астық жинап, 6 миллион 740 мың тонна өнім алған еді. Биыл мамандардың шамалуынша, 6 миллион тоннаға жетеғабыл болуы мүмкін. Есесіне былтырға қарағанда сапасы жоғары. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасындағылардың айтуынша, астық қабылдау пункттеріне түскен бидайдың басым бөлігі үшінші сұрыпты. Бұл жақсы көрсеткіш. 

Кенжеғозы Жұмандықов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы:

- Биылғы жылдың мына егін жинау науқанының ерекшелігі - біздің астық қабылдайтын кешендерге түсіп жатқан дәнді дақылдардың сапасы өте жоғары болып отыр. Мына 958 мың тонна жұмсақ бидайдың астық қабылдау кешендеріне түскен астықтың 64 пайызы үшінші сұрыпқа жатады. 31 пайызы 4-сұрыпқа жатады. Және тағы да бір жақсы көрсеткіштің біреуі мынау түскен астықтың 57 пайызы қамырлылығы 28-ден жоғары болып саналып отыр. 

Кадрде Тобыл өңірінде жиналған 5 миллион тонна астықтың 1,5 миллионы өзімізде өңделеді. Яғни одан ұн тартылады. Бұл көрсеткіш бойынша Қостанай облысы елімізде көш бастап тұр. Алдағы жылы бидайды терең өңдейтін зауыт салынатындығын ескерсек, дайын өнім көлемі арта түсетіндігі айғақ.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz