RU
Толық нұсқаға өту

Жеті жылда инвестиция көлемі 65,9%-ға артты

12.10.2026, 13:13 37

Негізгі капиталға инвестиция 66 пайызға артып, 23,5 трлн теңгеге дейін жетті.

2019-2025 жылдар аралығында шетелдерден отандық экономикаға 155 млрл 700 млн доллар қаржы құйылған. Мемлекет тарапынан да бірқатар қолдау тетігі елдің әл-ауқатына серпін берді. Мәселен, 2019 жылдан бері «Даму» қорынан 176 мың 700-ден астам бизнес жобаға несие берілген. Бұл мақсатқа 10 трлн 200 млрд теңге бөлінді. Бағдарламаға қатысушылар 695 мың жұмыс орнын сақтап, тағы 60 мың 500-ін құрған. Былтыр кәсіпкерлікті қолдаудың жаңа құралдары іске қосылды. Олар «Өрлеу» жеңілдетілген несие беру бағдарламасы мен шалғай елді мекендердегі шағын бизнеске арналған «Іскер аймақ» жобасы. Елде  шағын және орта кәсіппен айналысатындар саны 37 пайызға өсіп, бүгінде 4 млн 530 мыңға жеткенін айта кеткен жөн. Шағын және бизнес соңғы жеті жылда 105 трлн теңгенің өнімін өндіріп, қызмет көрсеткен. Осылайша жалпы ішкі өнімдегі үлесі 9,2 пайызға ұлғайды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz