RU
Толық нұсқаға өту
Фото: ЖИ

Қазақстан әлемдегі ең ірі 50 экономиканың қатарына енді

12.10.2026, 13:41 43

Қазақстан экономикасының көлемі 2025 жылдың қорытындысы бойынша 159,6 трлн теңгеге жетіп, нақты өсім 6,5% болды. Соның нәтижесінде ел әлемдегі ірі экономикалар рейтингінде 55-орыннан 48-орынға көтерілді, деп хабарлайды «24KZ».

2019–2026 жылдар аралығы Қазақстан үшін экономиканы әртараптандыру және мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту кезеңі болды. Осы уақыттағы маңызды оқиғалардың бірі – 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда жаңа Конституцияның қабылдануы.

Экономикалық өсім инвестициялық белсенділіктің артуымен де қатар жүрді. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 2018 жылғы 12,6 трлн теңгеден 2025 жылы 23,5 трлн теңгеге дейін өсті. Ал 2019 жылдан 2026 жылдың бірінші тоқсанына дейінгі кезеңде тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны 162 млрд АҚШ долларынан асты.

Экономиканың тұрақты өсімін қамтамасыз ету мақсатында Үкімет 2026–2028 жылдарға арналған макроэкономикалық тұрақтандыру бағдарламасын іске асыруды көздеп отыр. Бағдарлама аясында экономиканың жыл сайынғы өсімін кемінде 5% деңгейінде сақтау және 2028 жылға қарай инфляцияны 5–7%-ға дейін төмендету жоспарланған.

Алдағы кезеңде инвестиция тарту, экономиканы әртараптандыру және баға тұрақтылығын қамтамасыз ету елдің негізгі экономикалық міндеттері қатарында қала береді.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz