RU
Толық нұсқаға өту
Фото: ЖИ

Қазақстан экономикасы жарты жылда 4,1%-ға өсті

13.10.2026, 14:43 37

2026 жылғы қаңтар-маусымда Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 4,1%-ға артты. Ең жоғары өсім Ұлытау, Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстарында тіркелді, деп хабарлайды «24KZ».

Ұлттық статистика бюросының есепті деректеріне сәйкес, биылғы алғашқы алты айда жалпы ішкі өнім көлемі 71,2 трлн теңгеден асты.

Өңірлер арасында жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны бойынша Ұлытау облысы көш бастады. Мұнда көрсеткіш 15,3%-ға артқан. Түркістан облысында өсім 13,3%, ал Солтүстік Қазақстан облысында 11,4% болды.

ЖІӨ құрылымында ең үлкен үлес Алматы қаласына тиесілі — 20,2%. Одан кейін Астана қаласы 12,5%, Атырау облысы 11,7% көрсеткішпен тұр.

Ел экономикасының өсіміне де ірі өңірлер елеулі үлес қосты. Атап айтқанда, Алматы қаласының үлесі — 0,68 пайыздық тармақ, елорданың үлесі — 0,62, ал Алматы облысының үлесі 0,47 пайыздық тармақ болды.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz