RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

Қазақстанда жеке инвестициялар 18,2%-ға өсті

13.10.2026, 15:38 41

Қазақстанда биылғы қаңтар-қыркүйек айларында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 16,1 трлн теңгеге жетіп, 7%-ға өсті. Бұл өсімге жеке инвестициялар негізгі үлес қосты. Олар 18,2%-ға артқан, деп хабарлайды «24KZ».

Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді.

«Ерекшелігі – инвестициялар өсуінің негізгі факторы жеке инвестициялар болып саналады, олар 18,2%-ға ұлғайды», — деді Серік Жұманғарин.

Министрдің айтуынша, негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлеміндегі жеке инвестициялардың үлесі 85,7%-ды құрады. Ал биылғы бірінші жартыжылдықта тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны 9,4 млрд долларға жетті.

Салалар бойынша өңдеу өнеркәсібінде инвестициялар 40,1%-ға, құрылыста 32%-ға, ақпарат және байланыс саласында 29,2%-ға, денсаулық сақтауда 20,4%-ға, ауыл шаруашылығында 9,1%-ға өскен.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz