Қазақстанда тауарлар мен қызметтер экспортының көлемі бірінші жартыжылдықта 25,4%-ға өсіп, 55,3 млрд долларға жетті. Сонымен қатар елдегі іскерлік белсенділік индексі де өсті. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасының бірінші орынбасары Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді, деп хабарлайды «24KZ».
2026 жылғы қыркүйектің қорытындысы бойынша іскерлік белсенділік индексі 50,4 тармақты құрады. Ал бизнесті несиелендіру көлемі 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 16,4 трлн теңгеге жетті. Депозиттер бір жылда 17,2%-ға өсіп, 50,2 трлн теңгені құрады.
Ұлттық банк баға өсімін тежеу үшін Үкіметтің инфляцияға қарсы шараларымен қатар орташа қатаң ақша-несие саясатын жалғастырады.
Қыркүйек айының соңында Қазақстанның алтын-валюта резервтері 66,2 млрд долларға жетті. Бұл жыл басындағы көрсеткіштен 1,2%-ға жоғары. Ал Ұлттық қор активтері 66,7 млрд долларды құрап, жыл басынан бері 4,3%-ға өсті.
Тегтер #24KZ #24жаңалықтар #үкіметPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz