RU
Толық нұсқаға өту

Үкімет Құрылтайда бірінші оқылымда үш жылдық бюджет жобасын ұсынды

14.10.2026, 10:51 44

Құрылтайдың бүгінгі отырысында бірінші оқылымда «2027–2029 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы қаралады,деп хабарлайды «24KZ».

Заң жобасы Бюджет кодексінің талаптарына және Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес әзірленді.

Құрылтай отырысында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин депутаттардың қарауына еліміздің 2026–2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын енгізді.

«Базалық нұсқаға сәйкес 2027–2029 жылдары жалпы ішкі өнімнің нақты орташа жылдық өсуі 5%-дан жоғары деңгейде болжануда. 2027 жылы – 5,3%, 2028 жылы – 5,5%, 2029 жылы – 5,4%. Номиналды жалпы ішкі өнім 2027 жылы 199,3 трлн теңгеден 2029 жылы 245 трлн теңгеге дейін өседі. Экономиканың өсуі мұнайдан тыс секторлардағы өндірістің ұлғаюымен қамтамасыз етілетін болады»,— деп атап өтті Серік Жұманғарин.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz