Мемлекеттік шығыстарды оңтайландыру аясында 2027 жылға арналған бюджет жобасындағы шығындар 6,7 трлн теңгеге қысқартылды. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов Құрылтай отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды «24KZ».
Құрылтай отырысында депутаттардың сауалына жауап берген Премьер-министр Олжас Бектенов мемлекеттік шығыстарды қысқарту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
Атап айтқанда, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, мемлекеттік органдардың әкімшілік ғимараттарын салуға жарияланған мораторий жалғасып жатыр. Бұл шығынды көп қажет ететін бағыттардың бірі.
Сонымен қатар Үкімет 2026 жылы бюджетке түзетулер енгізу арқылы шығыстарды 360 млрд теңгеге қысқартып, қаражатты басым бағыттарға қайта бөлді.
Шығыстарға келетін болсақ, мемлекеттік шығыстарды оңтайландыру жұмысы тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Алдағы кезеңге арналған бюджетті әзірлеу барысында бізге 36,9 трлн теңгеге өтінім түсті. Алайда, 2027 жылға арналған шығыстар 30,2 трлн теңге көлемінде бекітілді. Яғни, бюджетті қарау барысында шығыстарды 6,7 трлн теңгеге қысқарттық,— деді Олжас Бектенов.
Тегтер #24KZ #24жаңалықтар #үкімет #бюджет
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz