Қазақстан экономикасының 2027–2029 жылдардағы нақты өсімі жылына орта есеппен 5%-дан жоғары болады деп болжанып отыр, деп хабарлайды «24KZ».
Құрылтай отырысында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин депутаттардың қарауына еліміздің 2026–2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ұсынды.
Базалық нұсқаға сәйкес 2027–2029 жылдары жалпы ішкі өнімнің нақты орташа жылдық өсуі 5%-дан жоғары деңгейде болжануда. 2027 жылы – 5,3%, 2028 жылы – 5,5%, 2029 жылы – 5,4%. Номиналды жалпы ішкі өнім 2027 жылы 199,3 трлн теңгеден 2029 жылы 245 трлн теңгеге дейін өседі. Экономиканың өсуі мұнайдан тыс секторлардағы өндірістің ұлғаюымен қамтамасыз етілетін болады, — деп атап өтті Серік Жұманғарин.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #24KZ #24жаңалықтар #бюджет #үкімет #құрылтайPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz