RU
Толық нұсқаға өту

Транзиттік жүк көлемі 100 млн тоннаға жетеді

15.10.2026, 12:00 34

2035 жылға қарай Қазақстан арқылы өтетін транзиттік жүк көлемі жылына 100 миллион тоннаға жетеді.

Бұл туралы елордада өткен халықаралық көлік форумында айтылды. 40-қа жуық елдің салалық сарапшылары бір алаңға жиналып, көлік инфрақұрылымын жетілдіру мен транзиттік мүмкіндіктерді кеңейту мәселелерін талқылады. Биылғы 9 айда көлік саласы 7,2 пайыз өсім көрсеткен. Кейінгі жеті жылда елде 36 мың шақырымнан астам автомобиль жолы салынып, жөнделді. Ал бес жылда 5 мың шақырым темір жол жаңғыртылды. Былтыр ел арқылы өтетін транзиттік тасымал көлемі 18 пайызға артып, 39,1 миллион тоннаға жетті. Алдағы уақытта Шығыс-Батыс, Солтүстік-Оңтүстік бағыттарындағы және Транскаспий халықаралық көлік дәліздерін дамытуға басымдық беріледі. Сонымен қатар логистиканы цифрландыру, шекарадағы кедергілерді азайту және жүк жеткізу уақытын қысқарту көзделіп отыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz