RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

Қазақстанда бір айда 170 мыңнан астам көлік тіркелді

15.10.2026, 17:16 32

2026 жылғы қыркүйекте Қазақстанда 170 141 автокөлік құралы есепке қойылды. Тіркелген көліктердің басым бөлігін жеңіл автомобильдер құрады, деп хабарлайды «24KZ» Ұлттық сатистика бюросына сілтеме жасап.

Ай ішінде есепке қойылған көліктердің 87,9%-ы – жеңіл автомобильдер. Жүк автомобильдерінің үлесі 6,1%, тіркемелер – 2,7%, автобустар – 0,8%, мотоциклдер – 0,6% болды. Басқа көлік құралдарының үлесі 1,9%-ды құрады.

Отын түріне қарай, қыркүйекте есепке қойылған көліктердің 133 956-сы бензинмен жүреді. Бұл жалпы санның 78,7%-ына тең. Аралас отынмен жүретін 14 347 көлік (8,4%), дизель отынын пайдаланатын 11 703 көлік (6,9%) тіркелді. Электр қуатымен жүретін көліктер саны 3 304-ке (1,9%), газбаллонды отынмен жүретін көліктер саны 752-ге (0,5%) жетті. Тағы 6 079 көліктің (3,6%) отын түрі көрсетілмеген.

2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының жалпы саны 6 миллион 114,6 мың бірлікке жетті.

Оның ішінде 5 миллион 126,8 мыңы – жеңіл автомобильдер. Жүк автомобильдерінің саны 497,7 мың, тіркемелер – 264,7 мың, автобустар мен шағын автобустар – 89,5 мың бірлік болды. Сондай-ақ 75,3 мың мотоцикл және 60,7 мың басқа да автокөлік құралы тіркелген.

Өңірлер арасында тіркелген автокөлік саны бойынша Алматы қаласы мен Алматы облысы алдыңғы орында. Алматыда 744,8 мың, ал Алматы облысында 652,4 мың автокөлік тіркелген.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz