RU
Толық нұсқаға өту
Фото: ЖИ

7 жылда бизнесті қолдауға 10,2 трлн теңге бөлінді

16.10.2026, 11:33 32

Қазақстанда соңғы жылдары кәсіпкерлерге көрсетілетін мемлекеттік қолдау көлемі артты. 2019–2026 жылдар аралығында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының жеңілдетілген несие беру, субсидиялау және кепілдік ұсыну құралдары арқылы жалпы несие сомасы 10,2 трлн теңгені құрайтын 176 716 бизнес жоба қолдау тапты,  деп хабарлайды «24KZ».

 2019–2025 жылдары мемлекеттік қолдау бағдарламаларына қатысқан кәсіпкерлер шамамен 695 мың жұмыс орнын сақтап, 60,5 мың жаңа жұмыс орнын ашты. Осы кезеңде 128 трлн теңгенің өнімі өндіріліп, бюджетке 8,5 трлн теңге салық төленді.

2025 жылы кәсіпкерлерге арналған жаңа қолдау бағдарламалары іске қосылды. Маусым айында жеңілдетілген несие беруге бағытталған «Өрлеу» бағдарламасы басталды. Оған банк капиталы да тартылып, қаржыландырудың жалпы көлеміндегі үлесі жартысынан асады. Ал сәуір айынан бастап «Даму» қорының базасында шағын және орта бизнеске, сондай-ақ ірі инвестициялық жобаларға арналған екі жаңа кепілдік қоры жұмыс істей бастады.

2025 жылғы желтоқсанда ауылдар мен шағын қалалардағы кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған «Іскер аймақ» бағдарламасы іске қосылды. 2029 жылға дейін оның аясында жалпы сомасы 1,2 трлн теңгеге жуық 15 мың бизнес жобасын қолдау жоспарланған. Бағдарлама ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, азық-түлік, жиһаз және құрылыс материалдарын өндіру, сондай-ақ қолөнер салаларын дамытуға бағытталған.

Сонымен қатар кәсіпкерлерге бизнесті бастауға және кеңейтуге арналған «таза парақтан» тетіктері ұсынылады. Ал «Өрлеу» бағдарламасы бойынша өңдеу өнеркәсібі, IT, туризм, креативті индустрия және логистика салаларындағы жобаларға жылдық мөлшерлемесі 12,6%-дан аспайтын шарттармен 7 млрд теңгеге дейін қаржы алу мүмкіндігі қарастырылған.

Мемлекеттік қолдау шараларының негізгі мақсаты — кәсіпкерлікті дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу және ауылдар мен шағын қалалардағы экономикалық белсенділікті арттыру.

 

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz