Оралда Мұнай газ машина жасау форумы өтті.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мен Мұнай-газ машина жасау саласын дамытуға арналған халықаралық орталық ұйымдастырған іс-шара барысында отандық өндірушілер мен мұнай-газ компаниялары жалпы құны 700 миллион долларға жуық келісім-шартқа қол қойды. Форум аясында операторлардың ашық есік күні мен 40-қа жуық кәсіпорындар көрмесі өтті.
Биыл Мұнай-газ машина жасау саласын дамытуға арналған халықаралық орталықтың құрылғанына 5 жыл. Осы мезгілде орталық мұнай-газ компаниялары мен отандық өндірушілер арасындағы өзара іс-қимылдың тұрақты платформасын қалыптастырды. Жыл сайынғы форумға қатысушылар саны да артып келеді.
Дастан Әбішев, "IMBC" компаниясының бас директоры:
- 800 қатысушы тіркелді. Форум аясында 700 млн долларға жуық келісім-шарттарға қол қойылды. Үлкен көрсеткіш. Былтыр Ақтау қаласында өткен форум аясында 440 млн долларға қол қойылды. Осындай алаңдар біздің бизнеске өте қажет.
Форумның пленарлық отырысы Энергетика вице-министрінің құттықтауымен ашылды. Жаңа келісімдердің жасалуы отандық өндірістің өрісін кеңейтуге жол ашады, дейді Ерлан Ақбаров.
Ерлан Ақбаров ҚР Энергетика вице-министрі:
- Осы бағытта үлкен жұмыстар жүргізіліп жатыр операторлармен. Алдағы 5 жылға, 10 жылға қазақстандық өндірушілермен ұзақ мерзімді келісім-шарт жасау талаптарын қойып жатырмыз. IMBC 5 жыл болды құрылғанына. 5 жыл ішінде 800 млн доллардан астам келісім-шарттар алып келіп, септігін тигізген орталық.
Уильям Лакоби, "Тенгизшевройл" ЖШС бас директоры:
- Биыл біз қазақстандық қамту деңгейін 72%-ға дейін арттырдық. Бұл соңғы он жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Тек былтырдың өзінде ТШО қазақстандық компаниялардан 1,8 миллиард АҚШ долларына тауарлар, жұмыстар мен қызметтер сатып алды.
Форум аясында 40-қа жуық отандық өндірушінің көрмесі ұйымдастырылып, мұнай-газ саласына арналған жабдықтар көпшілік назарына ұсынылды.
Авторлары Е. Жылқайдарұлы, Қ. Ақрап
Тегтер #мұнай газ #отандық өндірушілер #платформа #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz