RU
Толық нұсқаға өту

Ақмола облысында заманауи тауарлы сүт фермасы ашылды

16.10.2026, 21:23 30

Ақмола облысының заманауи тауарлы сүт фермасы іске қосылды.

Тоғыз жүз сауынды сиырға есептелген шаруашылықта жылына 8 жарым мың тонна сүт өндіріледі. Еңбек ауылындағы жобаның құны 8 миллиард теңгеден асады.

Еңбек ауылындағы сүт фермасы қазір қызу жұмысқа кірісіп кетті. Шаруашылық асыл тұқымды ірі қараны Дания мен Ресейден және Қостанай облысынан әкелген. Кәсіпорын заманауи үлгіде салынған, өндіріс толығымен автоматтандырылған.

Қуаныш Рақышев, «Еңбек» ЖШС директоры:

- 12 роботымыз бар. 9 бас сауын сиырға. Оның үстінде бүкіл автомотизация, роботизация, бүкіл климат-контроль. Кісі аз болсын, кісіге ауырлық тимесін, малдар өздері еркін жүрсін, сүтін берсін, сондай мәселемен біз осы іске кірістік. 

Бір ерекшелігі шаруашылық малдың тезегін де кәдеге жаратпақ. Мамандар арнайы орнатылған биокешеннің көмегімен органикалық қалдықтарды өңдеп, егістікке қажет түрлі тыңайтқыштар жасауды көздейді. Жалпы өңірде жыл соңына дейін осындай заманауи тағы екі сүт фермасы іске қосылады.

Марат Ахметжанов, облыс әкімі:

-  Ол Атбасар ауданындағы Бастау ауылында 700 басқа арналған. Және 1400 басқа Бурабай ауданында «Burabay Milk». Ол дәл осындай заманауи технологиямен және қосымша ол жерге сүт өндіру фабрикасы ашылады. Сондықтан қазір Ақмола облысы өз атына сай Астана агломерациясының азық-түлік белдеуі деп, толық ауыз толтырып айтуға болады.

Қазір аймақта 15 сүт зауыты бар. Олар жылына 300 мың тоннаға жуық дайын өнім шығарады. Жыл басына бері өңірде 107 мың тонна сүт өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3 пайызға артық. 

Абзал Азаматұлы, Виктор Полянный

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz