Жаһандық геоэкономикалық тұрақсыздық жағдайында Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялардың ағыны күшейді.
Мәселен, 2019-2026 жылдар аралығында Қазақстанға 155 млрд доллардан астам тікелей шетелдік инвестиция тартылды.
Кейінгі жеті жылда өңдеу өнеркәсібіне, химия саласына, көлікке, байланысқа және қаржы секторына инвестициялар ағыны артты. Өңдеу өнеркәсібінің үлесі 7 есе өсті. 2019 жылы 14,2%-дан 2025 жылы 21,3%-ға дейін көбейді. Химия өнеркәсібіне салынған инвестициялар 2019 жылғы 98,8 млн доллар болса, 2025 жылы 1,2 млрд долларға дейін ұлғайды. Ал байланыс секторында 105 млн доллардан 1,3 млрд долларға дейін артты.
ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІ
2019 ЖЫЛ - 14,2%
2025 ЖЫЛ - 21,3%
ХИМИЯ ӨНЕРКӘСІБІ
2019 ЖЫЛ - $98,8 МЛН
2025 ЖЫЛ - $1,2 МЛРД
БАЙЛАНЫС СЕКТОРЫ
2019 ЖЫЛ - $105 МЛН
2025 ЖЫЛ - $1,3 МЛРД
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ұлттық цифрлық инвестициялық платформа әзірленді. Ол инвесторлар мен мемлекеттік органдар арасындағы тиімді және жедел өзара іс-қимылды, сондай-ақ инвестициялық бастамалар мен жобаларды ашық сүйемелдеуді қамтамасыз етуге бағытталған.
Бауыржан Ысқақов, экономист:
- Жалпы президенттің мынау суперинтеллектке қатысты мәселені жаһандық дәрежеге көтеруі осыған қатысатын барлық мемлекеттің мүмкіндігін арттыратын дүние. Тек Қазақстан ғана өз мүддесін ойлап отырған жоқ. Жалпы әлемді глобализациядағы, мемлекеттер арасындағы экономикалық байланысты бір жүйеге келтіру. Егер Қазақстанның бағытын айтар болсақ, бұл бізге қосымша қаншама инвестициялық кірістердің келуі.
Отандық ауыл шаруашылығында ферма құрудан бастап терең өңдеуге дейін 100-ден астам жоба жүзеге асып жатыр. Қазақстан шикізат экспортынан жоғары қосылған құны бар өнімдерді шығаруға бейімделіп келеді. Кәсіпкерлер астықты шикізат ретінде сатудың орнына дайын өнімдер шығарады. Мәселен, Ақмола облысында жалпы құны 1,7 трлн теңге болатын 57 жоба қолға алынды. Қытай инвесторының қатысуымен астықты терең өңдеу зауытының құрылысы жүріп жатыр.
Ақылжан Әуезов, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі департаментінің басқарма сарапшысы:
- Ауыл және балық шаруашылығына салынған инвестициялар – 1 162 млрд теңге. 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 127% өсім, 918,6 млрд. теңге. Азық-түлік өнімдеріне салынған инвестициялар – 389,4 млрд. теңге. 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 215% өсім, 180,8 млрд. теңге. Алкогольсіз сусындар өндірісіне салынған инвестициялар – 91,4 млрд теңге. 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 405% өсім, 22,5 млрд теңге.
Елге ең ірі инвестиция Ресей, Қытай, АҚШ, Нидерланды, Швейцария және Франциядан тартылып жатыр. Кейінгі жылдары Таяу Шығыс пен Азия елдерінің де үлесі айтарлықтай артты.
Авторлары Мирлан Алтынбек, Ислам Махамбет
Тегтер #жеті жыл #инвестиция #Қазақстан экономикасыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz