Қазақстанның экономикалық өсімін ынталандыру, шикізаттық емес секторды дамыту және шетелдік инвестиция тарту мәселелері Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің отырысында талқыланды. Жиынды Премьер-министр Олжас Бектенов өткізді, деп хабарлайды «24KZ».
Отырыс барысында экономикалық дамудың өзекті мәселелері бойынша халықаралық сарапшылардың ұсыныстары тыңдалды.
Қатысушылар әлемдік нарықтардағы қазіргі ахуал, экономикалық өсімді ынталандыру шараларының тиімділігін арттыру және халықтың әл-ауқатының тұрақты өсуіне жағдай жасау мәселелері бойынша пікір алмасты.
Әңгіме барысында экономика құрылымын нығайту және шикізаттық емес секторды әртараптандыру, Қазақстанның өнеркәсіптік саясатын жетілдіру жөнінде бастамалар сөз болды. Сарапшылар шетелдік инвестициялар ағынын көбейту және жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау тәсілдерін ұсынды.
Өңірлердің өнеркәсіптік мамандануын дамытуға, экспорттық әлеуетті кеңейтуге және стратегиялық инвесторларды тартуға назар аударылды. Сондай-ақ жеке капиталдың қатысуын кеңейту мәселелері талқыланды.
Жиын қорытындысы бойынша Премьер-министр жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдарға айтылған ұсыныстарға талдау жүргізуді тапсырды.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #24жаңалықтар #үкімет #Бектенов #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz